Абай облысында Үшбиік, Шар және Жарма станцияларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысандарды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.Вокзалдарды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, жолаушылар мен теміржол қызметкерлері үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға, сондай-ақ заманауи талаптарды ескере отырып, теміржол инфрақұрылымы нысандарын жаңартуға бағытталған.1980 жылы салынған Үшбиік станциясының теміржол вокзалы 2-санатты вокзалдарға...